Остеопатия тарихы
Остеопатия – медицинаның алуан түрлілігімен ерекшеленетін пән. Остеопатияға 150 жыл болғанымен, медицина тарихында ол әлі де жаңа құбылыс болып саналады.
Остеопатияның негізін қалаушы Э.Т. Стилл Жабайы Батыста қарапайым медициналық тәжірибемен айналысқан. Ол сол кезеңдегі медициналық кітаптарда ұсынылған әдеттегі емдеу әдістерін қолданған – қан ағызу, күйдіру, ішекті тазалау және тағы басқалар. Дегенмен, ол үндістермен жұмыс істей келе, емдеу әдістерін қайта қарастыра бастайды. Үндістердің тәжірибесін үйреніп, Стилл сүйектерді орнына салуды меңгерді. Әр түрлі ұлттардың дәстүрінде де емдеудің осындай дәстүрлі әдістері қолданылған. Біздің ата-бабаларымыз да "таңдай көтеру", "бас теңшеу" сияқты әдістерді, асқазан немесе жамбас мүшелері төмен түскенде "қолмен көтеру", "жатырдағы баланың теріс келуі" сияқты емдеу тәсілдерін қолданған.
Доктор Стилл жас кезінде адам ағзасының механикасына қызығушылық танытқан. Ол өз зерттеулерінде сүйектермен мыңдаған тәжірибе жасап, әр сүйектің қызметі мен құрылымын түсінуге тырысты. Ол былай деген: "12 ай бойы тек сүйектерді зерттедім, өйткені олардың қызметі мен маңызын түсінгім келді. Кейін сипаттамалық анатомияға көштім". Білімді тәжірибеде қолдану және сүйектерді орнына салудың тиімділігін жиі байқауы Стиллды ағза құрылымының бұзылуы ауруға қалай әсер ететінін түсінуге жетеледі.
1864 жылы отбасы мүшелерінің өлімі және әскери госпитальдегі қайғылы тәжірибе доктор Стиллды өзінің білгенінен бас тартып, жаңа әрі тиімді емдеу әдістерін іздеуге итермеледі. Ол қаңқа жүйесін зерттеп, аурулардың көпшілігін дәрі-дәрмексіз емдеуге болатынына сенімді бола бастады. Тек 1874 жылдың 22 маусымында жан-жақты зерттеулер мен тәжірибелерден кейін "жаңа философияның жарқын сәулесі түскендей болды, және алғаш рет табиғи емдеу заңын түсіндім" деп жазды. Ол былай деді: "25 жылдық бақылаулар мен тәжірибелерден кейін барлық аурулар – тек салдар, ал себепті табу керек. Себебі – ағза сұйықтықтарының ағысын бақылайтын жүйкелердің жұмысының шектелуі немесе артық жұмыс істеуі".
Көптеген қиындықтарды жеңіп, Кирксвилл (Миссури штаты) қалашығында Стилл қолдау тапты. 1875 жылдың наурызында ол өзінің кабинетін ашты. Доктор Стиллді әр қалашықта "лезде сүйек салып беруші" деп атады. 1887 жылы науқастардың көптігінен шыдай алмай, ұлдарын оқытты. Кейін ол тағы да мамандар қажет екенін түсінді. Осылайша остеопатия мектебін құру туралы ойлай бастады. Бірнеше жылда 21 студенті бар кішкентай мектептен басталған іс 600-ден астам адам оқитын ірі оқу орнына айналды. Стилл өз еңбектерінде ешбір техниканы егжей-тегжейлі сипаттамаған. Ол остеопаттың негізгі тұғыры саналатын "остеопатия философиясын" жеткізуге тырысты. Доктор Эндрю Стилл Америкалық остеопатия мектебін 89 жасқа дейін, яғни қайтыс болғанша басқарды. Бірде ол: "Мен бәрі осылай болады деп ойлаған емеспін! Бұл – нағыз ғажайып", – депті.
Қазақстандағы остеопатия
1990 жылы алғаш рет Қазақстадағы остеопатиямен танысу, Англия остеопатия колледжінен Клод Дейтонның Алматыға келуімен өткен басталған болатын.
2005 жылдың мамырында профессор Красноярова Надежда Александровна әріптестерін жинап, Қазақстанда болашақ остеопаттарды алғашқы іріктеуді ұйымдастырды (13 адам). Оқу базасы РВШОМ-нан алынды. Елімізде остеопатияның жаңа асуларына қадам басталды. 2013 жылы профессор Н.А. Красноярова жетекшілігімен Қазақстан остеопатиялық медицина институты құрылып, академиялық остеопаттар саны артты.
2015 жылы алғаш рет Алматыға Остеопатиялық медицина институтының директоры Ирина Егоровa семинар өткізуге келді. 2020 жылдың маусымында докторлар Р.М. Манжугетов және А.К. Лакбаев Андрианов атындағы остеопатия институтын аяқтап, Қазақстанда филиал ашудың маңыздылығын алға тартты. Солайша, 2021 жылдың сәуірінде, қиын кезеңде, алғашқы тыңдаушылар қабылданды (24 дәрігер).
Қазіргі уақытта 79 академиялық остеопат білім алып жатыр. 2024 жылдың маусымында "Osteopathic Kazakhstan’s Alliance" атты Республикалық Қоғамдық Бірлестік құрылды.
Ғажайыптар жалғасуда!